«Жедел-іздестіру қызметі заңдылығын прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері» курсы арнайы пәндер арасында маңызды болып табылады және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу процесінде магистранттармен оқытылады. Курстың мақсаты жедел-іздестіру қызметінде жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін және олардың сақталуын прокурорлық қадағалаудың ғылыми-практикалық шараларын талдау болып табылады.